Холдинг туралы

Фитохимия институты Қазақстан Республикасы Минстрлер Кабинетінің 07.04.95 ж. №430 Қаулысына сәйкес, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жеке қамқорлығымен Қарағанды қаласында ұйымдастырылды.

2005 жылы Елбасының жеке тапсырмасы бойынша, Үкіметтің 27.09.2005ж. №953 Қаулысына сәйкес "Фитохимия" Ғылыми-өндірістік орталығы» АҚ болып қайта құрылды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылдың 3 шілдесіндегі №668 Қаулысына және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік мүлік және жекешелендіру Комитетінің 2009 жылдың 24 наурызындағы №139 бұйрығына сәйкес, ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2009 жылдың 15 қаңтарындағы №41-8.24  тапсырмасын іске асыру мақсатында «Фитохимия» ҒӨО» АҚ «Фитохимия» халықаралық ғылыми-өндірістік холдингі» АҚ болып өгертілді, бұл шетелдік компаниялардың химиялық-фармацевтикалық және фармакологиялық зерттемелер бойынша жобалардың іске асуында қазақстандық мамандардың фармацевтикалық өндірісте жұмыс істеуіне халықарлық  GMP стандарттары бойынша сәйкес даярлығын білдіреді.

Холдинг бірегей отандық  фитопрепараттардың кешенді өңдеуін жүргізеді: биологоиялық белсенді заттарды іздеуден, дәрілік шикізатты өсіруден, оны қайта өңдеуден, жаңа фитопрепараттардың дәрілік түрлерінің тәжірибелік-өнеркәсіптік партияларын өндіруге дейін жүзеге асырады. 

«Фитохимия» халықаралық ғылыми-өндірістік холдингі» АҚ  химиялық, фармакологиялық, фармацевтикалық және биологиялық бағыттардағы 13 ғылыми-зерттеу бөлімшелерінен тұратын ірі ғылыми-өндірістік кешен.