Негізгі бағыттары

Төмендегілер «Фитохимия» Холдингінің негізгі ғылыми  бағыттары болып табылады:

- негізінде жаңа материалдар мен препараттар алу үшін табиғи өсімдік шикізатын зерттеу;

- ғылымды қажет ететін технологияларды және халықаралық GMP сандарттардың талаптарына сәйкес келетін дәрілік препараттарды шығару үшін техниканы жасау бойынша  ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-құрылымдық жұмыстарды жүргізу, және оларды өндіріске енгізу;

- халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес келетін материалдық-техникалық базаны дамыту;

- шешімі химия, фармация және фармакология мамандықтары аясында қарастырылатын сұрақтармен өзара тығыз байланысты Республиканың химиялық, фармацевтикалық және медициналық салаларына білікті мамандарды дайындау.