Марапаттар

  • ҚР Президентінің 03.12.2007 ж. №451 Жарлығымен холдингтің сегіз жетекші ғалымы (С.М. Әдекенов, Қ.Е. Итжанова М.Н. Мұхаметжанов, А.Д. Кагарлицкий, Қ.М. Тұрдыбеков және т.б.) «Қазақстанда табиғи сесквитерпенді лактондар химиясы, олардың негізінде жаңа дәрілік заттарды іздеп жасау жөніндегі зерттеулерді дамыту, бірегей отандық фитопрепараттардың өнеркәсіптік өндірісін ұйымдастыру» жұмыстар циклі үшін Қазақстан Республикасының ғылым мен техника саласындағы 2007 жылғы Мемлекеттік сыйлығын иеленді.
  • Холдингтің бірқатар қызметкері Қарағанды фармацевтикалық кешеннің бірінші және екінші кезектерінің құрылысы және оларды пайдалануға енгізгені үшін мемлекеттік марапаттарға ие болды: С.М. Әдекенов «Құрмет» орденімен, Е.Г. Толоконников, Қ.М. Тұрдыбеков, Қ.Е. Итжанова «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды, профессорлар Б.Қ. Қасенов пен Қ.Д. Рахимовқа «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағы берілді. Зертхана меңгерушісі Г.Х. Төлеуова мен бөлім меңгерушісі Р.М. Құтжанов 2011 жылы «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейлік медалімен марапатталды.
  • Холдингтің 10 қызметкері (Б.Қ. Қасенов, А.Ж. Тұрмұхамбетов, Г.А. Атажанова, Ш.Б. Қасенова, Ж. Тухметова, Б.И. Төлеуов, Е.Г. Толоконников, С.А. Ивасенко, Г.Х. Төлеуова, З.Т. Шульгау) ҚР БҒМ академик Қ.И. Сәтбаев атындағы 1-сыйлығын иеленді.
  • Эксперименттік және клиникалық фармакология зертханасының меңгерушісі, м.ғ.к. З.Т. Шульгау, аға ғылыми қызметкер, фарм.ғ.к. И.А. Хабаров, кіші ғылыми қызметкер А.С. Кішкентаева жас ғалымдар арасында Қарағанды облысы әкімі сыйлығының лауреаттары болып табылады (2009, 2010, 2011 жж.).
  • 2010 жылы ҚР ҰҒА академигі, химия ғылымдарының докторы, профессор С.М. Әдекенов «Ғылымдағы ерекше жетістіктер үшін» Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атындағы №001 алтын медалімен марапатталды.
  • «Фитохимия» ХҒӨХ үш қызметкері С.М. Әдекенов, Б.Қ. Қасенов, Қ.М. Тұрдыбеков ҚР Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы ұйымдастырған «Шетелде ең көп жарияланатын қазақстандық авторлар» номинациясы бойынша І дәрежелі дипломдармен марапатталды.
  • С.М. Әдекеновке «Thomson Reuters» халықаралық агенттігінің «Web of Science-та» жариялану белсенділігі ең жоғары қазақстандық авторлар» номинациясы бойынша лауреаттың дипломы берілді.
  • 2010-2013 жж. үздік ғалымдарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендиялар «Фитохимия» халықаралық ғылыми-өндірістік холдингінің қызметкерлері – ҚР Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, химия ғылымдарының докторы Гаянэ Атажановаға, химия ғылымдарының докторы Шұға Қасеноваға, химия ғылымдарының докторы Қобыланды Тұрдыбековқа, химия ғылымдарының докторы Бораш Төлеуовқа, химия ғылымдарының докторы Айбек Тұрмұхамбетовқа, фармацевтика ғылымдарының докторы Светлана Александровна Ивасенкоға берілді. Химия ғылымдарының кандидаты Данияр Садырбеков, медицина ғылымдарының кандидаты Зарина Шульгау, химия ғылымдарының кандидаты Гүлім Мұқышева, фармацевтика ғылымдарының кандидаты Анар Жабаева, химия ғылымдарының кандидаты Жангелді Нұрмағанбетов дарынды жас ғалымдарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендияларды иеленді.
  • «Фитохимия» холдингінің жас ғалымдары Ақмарал Есенбаева, Илья Хабаров, Владимир Фольмер «Арглабин» және «Атеролид» бірегей дәрілік препараттар субстанциялары өндірісіндегі инновациялық технологиялар» жұмысы үшін ҚР Білім және ғылым министрлігінің жас ғалымдарға арналған Д.А. Қонаев атындағы Бірінші сыйлығына ие болды (2010 ж.).
  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым мен техниканы дамытуға зор үлес қосқан ғалымдар мен дарынды жас ғалымдарға арналған мемлекеттiк ғылыми стипендиялар алу конкурсының қорытындылары бойынша холдингтің 10 қызметкері мемлекеттік ғылыми стипендиаттар болып табылады: х.ғ.д., доцент Ш.Б. Қасенова, х.ғ.д., профессор Г.А. Атажанова, х.ғ.д., профессор А.Ж. Тұрмұхамбетов, х.ғ.д., профессор Б.И. Төлеуов, х.ғ.д., профессор Қ.М. Тұрдыбеков, х.ғ.к. Ж.С. Нұрмағанбетов, х.ғ.к. Д.Т. Садырбеков, м.ғ.к. З.Т. Шульгау, фарм.ғ.к. А.Н. Жабаева, х.ғ.к. Г.К. Мұқышева.
  • 2011 жылы х.ғ.д. Г.А. Атажановаға, х.ғ.д. А.Ж. Тұрмұхамбетовқа, х.ғ.д. Б.И. Төлеуовқа «Химия» мамандығы бойынша профессор ғылыми атағы; х.ғ.к. Б.Б. Рақымоваға, м.ғ.к. С.Б. Ахметоваға, фарм.ғ.д. Қ.Е. Итжановаға, м.ғ.к. Л.И. Арыстанға «Химия», «Фармация» және «Медицина» мамандықтары бойынша доцент атағы берілді.
  • Ғылыми қызметкерлер С.А. Ивасенко, И. Хабаров пен В.В. Фольмер БҒСБҚ шешімімен фармацевтика ғылымдарының докторы мен кандидаты ғылыми дәрежесінде бекітілген.
  • ҚР Президентінің 2011 жылғы 10 қарашадағы Жарлығымен екі қызметкер (Р.М. Құтжанов, Г.Х. Төлеуова) «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мемлекеттік медальдармен марапатталды.
  • ҚР Президентінің 2011 жылғы 5 желтоқсандағы Жарлығымен бас ғылыми қызметкер, м.ғ.д., профессор Қ.Д. Рахимовқа «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағы берілді.
  • Бас бухгалтер Қ.Қ. Ысқақова, ғылыми хатшы Г.К. Мұқышева, бөлім меңгерушісі Ғ.М. Мұхаметжанова, бөлім меңгерушісі Е.Г. Толоконников, аға ғылыми қызметкер С.А. Ивасенко «Парасат» ҰҒТХ» АҚ Құрмет грамоталарымен марапатталды.
  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым мен техниканы дамытуға зор үлес қосқан ғалымдар мен дарынды жас ғалымдарға арналған мемлекеттiк ғылыми стипендиялар алу конкурсының қорытындылары бойынша холдингтің 2 қызметкері мемлекеттік ғылыми стипендиаттар болып табылады: фарм.ғ.д., қауымдастырылған профессор С.А. Ивасенко, х.ғ.к. Ж.С. Нұрмағанбетов.
  • 2012 жылдың 20-22 маусымында х.ғ.д., профессор Г.А. Атажанова мен фарм.ғ.д. Қ.Е. Итжанова «Химия» және «Жаңа материалдар технологиясы» мамандықтары бойынша ҚР Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшелері болып сайланды.
  • Холдингтің авторлар ұжымы Бораш Игілікұлы Төлеуов, Евгений Геннадьевич Толоконников, Светлана Александровна Ивасенко, Зарина Тоқтамысқызы Шульгау, Гауһар Хамитқызы Төлеуова «Бірегей фитопрепараттар. Жасау, инновациялық технологиялар және олардың өндірісін ұйымдастыру» ғылыми жұмыстар циклі үшін 2012 ж. ҚР БҒМ Қ.И. Сәтбаев атындағы сыйлығының иегерлері атанды.
  • 2013 жылы фарм.ғ.д. С.А. Ивасенкоға «Фармация» мамандығы бойынша қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы берілді.
  • 2013 жылдың 28 ақпанында х.ғ.д., профессор Э.Э. Шульц ҚР Ұлттық ғылым акакдемиясының шетел мүшесі болып сайланды, х.ғ.д., профессор В.Г. Карцев пен х.ғ.д., профессор В.В. Веселовский «Химия» мамандығы бойынша ҚР Ұлттық ғылым акакдемиясының құрметті мүшелері болып сайланды.
  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым мен техниканы дамытуға зор үлес қосқан ғалымдар мен дарынды жас ғалымдарға арналған мемлекеттiк ғылыми стипендиялар алу конкурсының қорытындылары бойынша холдингтің 2 қызметкері мемлекеттік ғылыми стипендиаттар болып табылады: ҚР ҰҒА корр. мүшесі, х.ғ.д., профессор Г.А. Атажанова, фарм.ғ.к. А.Н. Жабаева.
  • «Фитохимия» холдингінің басқарма төрағасы С.М. Әдекенов көп жылдық ғылыми қызметі, гетероциклдық қосылыстар химиясындағы жетістіктері және Ресей-Қазақстандық ғылыми-техникалық ынтымақтастыққа қосқан зор үлесі үшін Ресей ғылым академиясының «300 лет М.В. Ломоносову» және «Памяти профессора А.Н. Коста» естелік медальдарымен марапатталды.
  • ҚР ҰҒА корр. мүшесі, х.ғ.д., профессор Г.А. Ататжанова, х.ғ.к. Ғ.М. Мұхаметжанова, х.ғ.к. Г.К. Мұқышева ғылымға қосқан үлестері, халықаралық ғылыми ынтымақтастық және конференция ұйымдастырудағы белсенді жұмыс үшін «Ғылыми әріптестік» халықаралық қорының Құрмет дипломдарымен марапатталды.
  • Химия магистрі А.Е. Есенбаева «Табиғи сесквитерпенді лактондардың құрамында гетероатомдары бар туындыларының бағытталған синтезі» үздік ғылыми баяндамасы үшін «Ғылыми әріптестік» халықаралық қорының медалімен марапатталды.
  • Ш.Д. Билиалова холдингтің ғылыми-ұйымдастырушылық қызметіне белсенді қатысқаны және жоғары ғылыми рейтингі үшін ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
  • «Фитохимия» холдингінің қызметкерлері О.Г. Рязанцев, С. Қожахметов, Е. Жүкенов Қарағанды облысы әкімінің Құрмет грамоталарымен марапатталды.
  • Л.О. Маслов ғылыми-ұйымдастырушылық қызметке және конференция ұйымдастыруға белсенді қатысқаны үшін Қарағанды облысы әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
  • Басқарма төрағасы С.М. Әдекенов, м.ғ.д., профессор К.Х. Алмағамбетов, бас ғылыми хатшы Г.К. Мұқышева, ББ зертханасының меңгерушісі З.К. Шәушеков «Ғылым мен білім – «Қазақстан-2050» стратегиясының жетекші факторлары» V Сағынов оқуларына белсенді қатысқаны үшін ҚарМТУ грамоталарымен марапатталды.
  • Х.ғ.д., профессор Б.И. Төлеуов, х.ғ.д., профессор А.Ж. Тұрмұхамбетов, х.ғ.д., профессор Қ.М. Тұрдыбеков, х.ғ.к. Ғ.М. Мұхаметжанова Органикалық синтез және көмір химиясы институтының 30-жылдығына арналған «Орталық Қазақстанның органикалық синтезі мен көмір химиясын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» мерейлік медалімен марапатталды.
  • Бас ғылыми хатшы Г.К. Мұқышева химия ғылымына қосқан зор үлесі және жоғары ғылыми рейтингісі үшін ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» белгісімен марапатталды.
  • «Фитохимия» холдингінің қызметкерлері О.В. Морозова, С.К. Наушарипов, С.М. Сүлейменова, А.С. Кішкентаева, Б. Мырзабекова холдингтің ғылыми-ұйымдастырушылық қызметіне белсенді қатысқаны үшін «Парасат» ҰҒТХ» АҚ Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттарымен марапатталды.
  • Бас ғылыми қызметкер, м.ғ.д., профессор К.Х. Алмағамбетов медицина ғылымын дамытуға сіңірген ерен еңбегі үшін «Құрмет» орденімен марапатталды.
  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің дарынды жас ғалымдарға арналған мемлекеттiк ғылыми стипендиялар алу конкурсының қорытындылары бойынша холдингтің 2 қызметкері мемлекеттік ғылыми стипендиаттар болып табылады: х.ғ.к., Ж.С. Нұрмағанбетов, фарм.ғ.к. И.А. Хабаров.
  • 2014 жылдың 11 сәуірінде Ғылым қызметкерлері күніне арналған салтанатты отырыс өткізілді.
  • Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі табиғи қосылыстар химиясына және ҚР фармацевтика өнеркәсібін дамытуға қосқан зор үлесі үшін ҚР ҰҒА академигі, х.ғ.д., профессор С.М. Әдекеновті «Химия өнеркәсібінің үздік қызметкері» медалімен марапаттады.
  • Алкалоидтар химиясы зертханасының меңгерушісі, х.ғ.д., профессор А.Ж. Тұрмұхамбетов Қазақстанның ғылым қызметкерлері күніне орай және табиғи қосылыстар химиясына қосқан зор үлесі, сондай-ақ оның жоғары ғылыми көрсеткіштері мен тәжірибелік медицинаға жаңа бірегей дәрілік препараттарды енгізгені үшін ҚР БҒМ «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» белгісімен марапатталды.
  • Бақылау-аналитикалық жұмыс және фитопрепараттарды стандарттау зертханасының меңгерушісі, фарм.ғ.к. Г.Х. Төлеуова бірегей дәрілік препараттарды жасау және олардың өндірісін ұйымдастыру жөніндегі белсенді ғылыми-өндірістік жұмыс және отандық фармацевтика саласына халықаралық стандарттарды енгізгені үшін ҚР БҒМ Құрмет грамотасымен марапатталды.
  • Қарағанды облысының әкімі бас технолог, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, фарм.ғ.д. Қ.Е. Итжанова мен фармацевтикалық өндіріс және маркетинг бөлімінің меңгерушісі, фарм.ғ.д. Е.Г. Толоконниковты белсенді ғылыми-өндірістік қызмет және отандық фармацевтика саласын дамытуға қосқан зор үлесі үшін Құрмет грамотасымен марапаттады.
  • Эксперименттік және клиникалық фармакология зертханасының аға ғылыми қызметкері Е.В. Ли, дайын дәрілік нысандар цехы бастығының орынбасары А. Кенжебеков, ботаника және биотехнология зертханасының жетекші агрономы М. Лебедева холдингтің ғылыми-ұйымдастырушылық қызметіне белсенді араласқаны үшін «Парасат» ҰҒТХ» АҚ Құрмет грамотасымен марапатталды.
  • «2014 жылдың үздік ғалымы» мен «2014 жылдың үздік жас ғалымы» байқауларының қорытындылары шығарылып, нәтижелері бойынша «2014 жылдың үздік ғалымы» ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, х.ғ.д., профессор Г.А. Атажанова, ал «2014 жылдың үздік жас ғалымы» терпеноидтар химиясы зертханасының ғылыми қызметкері О.Г. Рязанцев атанды.
  • ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, х.ғ.д., профессор Г.А. Атажанова Назарбаев зияткерлік мектебінің элективті курсын өткізуге белсенді араласқаны үшін грамота мен ақшалай сыйлықпен марапатталды.
  • Стероидты қосылыстар химиясы зертханасының инженері А.М. Алмағамбетов «Қайнар» байқауында «2014 жылдың үздік жас қызметкері» номинациясы бойынша Қарағанды облысы әкімінің дипломымен марапатталды.