Жарияланымдар

  Соңғы 5 жыл ішінде рецензияланатын, рейтингі жоғары журналдарда 1300-ден астам ғылыми жұмыс жарияланды. 25 монография басып шығарылды. Өнертабыстарға 70-тен астам өтінім берілген, 50-ден астам ҚР патенті, 10 АҚШ патенті, 3 Еуропалық патент, 3 Еуразиялық патент, Қытай, Грузия және Украина патенттері алынды.
   Қатерлі ісікке қарсы «Арглабин» препаратын алу тәсілі әлемнің 11 елінде патенттелген: АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Швейцария, Франция және т.б.
  «Арглабин»  препаратын  алу  тәсіліне патент Ресей Федерациясының Халықаралық өнеркәсіптік меншік институтымен 25 млн. 336 мың АҚШ доллары сомасына бағаланды.
  Холдинг  базасында  «Фармацевтикалық бюллетень» ғылыми-тәжірибелік журналы басылып шығарылады (Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің 2011 жылғы 24 ақпандағы №11473-Ж мерзімді баспа басылымын есепке қою туралы куәлігі).