«Назарбаев Университеті» ДБҰ және «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДБҰ-мен жұмыс жасау

   «Фитохимия» холдингі – «Назарбаев Университеті» ДБҰ – Ұлттық қатерлі ісік институты (АҚШ) – Ульм университетінің Фармакология институты (Германия) ғылыми-техникалық консорциумы бойынша «2012-2014 жылдарға арналған жаңа табиғи қосылыстар мен олардың туындыларының биологиялық және фармакологиялық скринингі жүйесін жасау» жобасы шеңберінде гранттық қаржыландыру бойынша бірлескен ғылыми-зерттеу жұмысы жүргізілуде.
   2012 жылдың 24-29 желтоқсаны аралығында «Фитохимия» халықаралық ғылыми-өндірістік холдингінің базасында Астана, Өскемен, Көкшетау қалалары Назарбаев зияткерлік мектептерінің химия-биологиялық бағыттағы оқушылары үшін «Фитохимияға кіріспе» тақырыбына химия, биология бойынша оқыту курстары өткізілді. Бағдарламаға сәйкес оқушылар дәрістер курсын тыңдап, зерттелген теориялық материалды «Фитохимия» холдингінің зертханалары мен Қарағанды фармацевтикалық кешеннің цехтарында бекітті. Курстардың соңында оқушыларға сертификаттар берілді.
   2013 жылдың 17-23 маусымы аралығында «Фитохимия» халықаралық ғылыми-өндірістік холдингі базасында Астана, Өскемен, Көкшетау, Талдықорған, Шымкент қалалары Назарбаев зияткерлік мектептерінің химия-биологиялық бағыттағы оқушылары үшін «Фитохимияға кіріспе» тақырыбына химия, биология бойынша элективті курстар өткізілді (30 оқушы). Бағдарламаға сәйкес оқушылар дәрістер курсын тыңдап, зерттелген теориялық материалды «Фитохимия» холдингінің зертханалары мен Қарағанды фармацевтикалық зауытының цехтарында бекітті. Курстардың соңында оқушыларға сертификаттар берілді.
   «Назарбаев Университеті» ДБҰ-ның 2 ІІІ курс студенті 2014 жылғы 8 мамырдағы №087-2014 шартқа сәйкес фитопрепараттар технологиясы зертханасында өндірістік тәжірибеден өтті.
2014 жылдың 14-19 шілдесі аралығында «Фитохимия» халықаралық ғылыми-өндірістік холдингі базасында Астана, Өскемен, Көкшетау, Талдықорған, Шымкент, Атырау, Ақтөбе, Қарағанды, Қызылорда, Орал, Павлодар қалалары Назарбаев зияткерлік мектептерінің химия-биологиялық бағыттағы оқушылары үшін «Фитохимияға кіріспе» тақырыбына химия, биология бойынша элективті курстар өткізілді (30 оқушы). Бағдарламаға сәйкес оқушылар дәрістер курсын тыңдап, зерттелген теориялық материалды «Фитохимия» холдингінің зертханалары мен Қарағанды фармацевтикалық зауытының цехтарында бекітті. Курстардың соңында оқушыларға сертификаттар берілді.