Конференциялар

 «Фитохимия» холдингінің базасында 7  халықаралық ғылыми конференция,   3 семинар, симпозиум және жиналыс өтті: 1994 және 1999 жылдары («Medicinal Raw Material and Phytopreparations for Medicine and Agriculture»), мұнда Ресейдің, АҚШ-тың, Польшаның, Германияның, Пәкістанның, Өзбекстанның, Үндістанның, Қытайдың және Түркияның жетекші ғалымдары қатысты, «Фитохимия отандық фармацевтикалық өнеркәсіпті дамыту үшін» (2000ж.), «Қатерлі ісікке қарсы «Арглабин» препаратын қолданудың клиникалық аспектілері» (2002ж.), «Жаңа «Салсоколлин» цитопротекторлық құралын зерттеудің тәжірибелік және клиникалық аспектілері» I-ші Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы (2004ж.), Мәскеуде – «Қатерлі ісікке қарсы «Арглабин» препаратын қолданудың тәжірибелік және клиникалық аспектілері» (2005ж.) Халықаралық симпозиумы, «Терпеноидтар: химия, өндіру технологиясы және медицина саласындағы жетістіктер мен қолдану әлеуеттері» Халықаралық ғылыми-практикалық конференция (2008ж.), «Фармацевтикалық өндірістердің халықаралық GMP стандарттарына көшу мәселелері»  республикалық семинары (2008г.), «Халықаралық GMP, GLP, GCP стандарттарын фармация мен фармакологияға енгізудің өзекті мәселелері» атты республикалық    ғылыми-практикалық семинар  (2011ж.), «Арглабин» бірегей дәрілік препаратының көпорталықты, рандомизирленген клиникалық сынақтарының мәселелері халықаралық ғалымдардың қатысуымен өткен республикалық жиналыс (2012ж.),  Минскіде – «Қатерлі ісікке қарсы «Арглабин»   препаратын қолданудың клиникалық аспектілері» ғылыми-практикалық семинары  (2013ж.), «Табиғи гетероциклдік және изопреноидтық қосылыстар химиясы» атты Ресей-Белорус-Қазақстан ғылыми конференциясы (2013ж.).

Жоғарыда аталған барлық конференциялар табиғи қосылыстар химиясын, фармацевтикалық химия, дәрі-дәрмектер  технологиясы және республиканың фармацевтикалық өнеркәсібін дамытудың өзекті мәселелеріне арналған.