Изопреноидтар бойынша  22 конференция
Прага, Чехия, 7-10 қыркүйек 2014 ж.

     2014 жылғы 7-10 қыркүйекте Прага қаласында (Чехия) Изопреноидтар бойынша 22-ші конференция болып өтті, бұл конференция Чех Химия қоғамының  Еуропа Фитохимия қоғамымен, Прага Химия-технологиялық институтымен, Беларусь ҰҒА  Биоорганикалық химия Институтымен (Минск) бірге ұйымдастырылды және ол 9-жылдық үзілістен кейін жұмысын жаңартты.
   Изопреноидтар химиясы бойынша конференция бұрындары Польша мен Чехияда жүйелі түрде жүргізілген және келешекте «Изопреноидтар бойынша конференция: химия, биология және олардың қолданылуы» деген атаумен жүргізілетін болады.
  Конференция жұмысына  Еуропа,  Америка, Азия ғылыми мектептерінің өкілдері -  химия, технология, изопреноидтар фармакологиясы салаларында жұмыс істейтін 140 астам ғалым қатысты.
56 ауызша және 57 стенділік баяндамалар талқылауға ұсынылды.
   Конференцияның ғылыми бағдарламасын  белгілі ғалым профессор Giovanni Appendino (Шығыс Пьемонт Университеті, Новара қ., Италия) ашты,  ол табиғи каннабиноидтер химиясындағы жаңа әдіс-тәсілдер бойынша баяндама жасады.
   Табиғи қосылыстар синтезінде  стереохимиялық бақылау жөнінде пленарлы баяндамамен (А саленоеклепин молекуласының Виттигі бойынша қайта топтау мысалында) профессор Minoru Isobe сөз алды (Синьхуа Ұлттық университеті, Тайвань). Профессор Anthony P. Davis (Бристоль Университеті, Ұлыбритания) баяндамасы супрамолекулалық химияға арналды. Плазма мембранасындағы брассиностероид қасиеттері бойынша  профессор Вадим Демидчук баяндама жасады (Белорусс мемлекеттік университеті, Минск қ.).
  Вагенинген Университетінен  келген (Нидерланды) профессор Harro Bouwmeester өз баяндамасын өсімдіктердің өсуін гормондық тұрғыдан реттеушісі болып табылатын стриголактондардың биосинтезін зерттеуге арнады.

  Профессор  Douglas  F. Covey  (Вашингтон Университеті, АҚШ) гидроксихолестерол – оксистезолдың 20 (S), сондай-ақ, эпилепсия, психика ауруларын емдеуде қолданылатын құрал, потенциалды анестетиктер ретінде қызығушылық тудырып отырған  нейростероидтың алкиндік аналогының синтезі нәтижелерін ұсынды.
Ресей Ғылым Академиясы атынан Н.Н.Ворожцов атындағы Новосибирск Органикалық химия институтының ғалымдары келді: профессор Алексей Ткачев Сібір өсімдіктерінен  изопреноидтардың пайда болудағы екіншілік  метаболиттер бойынша, профессорлар Константин Волчо мен Нариман Салахутдинов монотерпеноидтарды гексагидропарацимолмен түрлендіру жөнінде баяндама жасады.
   Қазақстандық табиғи қосылыстар химиясы мектебінен димерлі сесквитерпенді лактондарға, олардың табиғатта таралуына,  биологиялық белсенділігіне және олардың негізінде жаңа қосылыстар іздеуге арналған баяндаманы профессор Серғазы М. Адекенов («Фитохимия» халықаралық ғылыми-өндірістік холдингі, Қарағанды қ.) жасады.


    Қазан мемлекеттік медицина университетінен келген (Қазан қ., Ресей Федерациясы) профессор Лилия Никитинаның баяндамасы күкіртті монотерпеноидтардың молекулаларының стереохимиялық зерттеулеріне арналған.
    Профессор Soren Brogger Christensen (Копенгаген Университеті, Дания) Корсика (Испания) аралында өсетін эндемикалық өсімдік Thapsia garganica-дан алынған гваянолид негізінде жасалған таргентнттік ісікке қарсы  тапсигаргин препараты бойынша жасаған баяндамасы конференцияға қатысушылардың ерекше қызығушылығын тудырды.
   Adriaan J. Minnaard (Стратинг атындағы Химия институты, Гронинген Университеті, Нидерланды) баяндамасы төрт рет орынбасылған сутегі орталықтары бар изопреноидтардың  катализдік асимметриялық синтезіне арналды.
   Профессор Mouriño Mosquera Antonio (Сантьяго-де-Компостел Университеті, Испания) D31α,25-дигидроксивитамині мен оның  аналогтарының толық  синтезінің нәтижелерін ұсынды.
   Доктор Ludger A. Wessjohann (Лейбниц атындағы Өсімдіктер биохимиясы Институты, Германия) пленарлы баяндамасы жаңалықтардың жаңа  жолдарына және биологиялық белсенді изопреноидтар синтезіне арналды.
    Польша ғылым академиясының Органикалық химия Институтынан келген  профессор Jadwiga Frelek (Варшава, Польша) баяндамасы енондардың стереохимиялық зерттеулерінде циркулярлы дихроизмді пайдалануға арналды.
   Мексика Ұлттық автономды университетінен келген (Мексика) профессорMartín Andrés Iglesias-Arteaga спирокетальді шынжырлары бар стероидтардың реакциялық қабілеттерін зерттеу туралы баяндама жасады.
   Профессор Satyajit D. Sarker (Джон Мурс атындағы Ливерпуль университеті, Ұлыбритания) Polygonum тұқымдасына жататын өсімдіктерден алынған сесквитерпеноидтардың  биологиялық белсенділігі мен химияға арналған баяндама жасады.  
   Профессор  Karel Sláma (Чех ғылым академиясының энтомология Институты, Прага қ., Чех Республикасы) баяндамасы қызықты болды және ол жәндіктердің ювенильді гормонының  экдистеронының рөлі туралы пікірталас тудырды. Осы орайда, баяндамашы экдистероидтар – жәндіктердің түбіттеу гормондарына жатпайтындығы туралы ортаға батыл ой тастады.
    Профессор Vladimir N. Zhabinskii (Биоорганикалық химия Институты (Минск қ.)) баяндамасы С-25 атомында молекулалары асимметриялық орталыққа ие стероидтардың синтезіне арналды.
    Конференцияда жаңа изопреноидтарды бөліп алудың, сәйкестендіру, химиялық синтезі,  биосинтезі және метаболизмінің, сондай-ақ, аталмыш қатар қосылыстарының маңызды аспектілері, олардың биологиялық белсенділігі, химиялық экология мен фитохимияның өзекті сұрақтары талқыланды.
   Изопреноидтар бойынша 22-ші Конференция жоғары ғылыми деңгейде өтті, бұл табиғи қосылыстар химиясының ары қарай дамуына, ғылыми ынтымақтастықтың нығаюына,  түрлі мемлекеттер ғалымдарымен серіктес болуға ықпал ететін жаңа ғылыми байланыстардың пайда болуына деген үмітке жол ашады.
   Конференцияға қатысушылар изопреноидтар бойынша Халықаралық қоғамды ұйымдастыру туралы шешім қабылдады.  Аталмыш қоғам президенті болып профессор Ежи Виха (Польша Ғылым Академиясының Органикалық химия Институты, Варшава қ.), хатшысы болып – профессор Павел Драшар (Чех Химиялық Қоғамы, Чехия, Прага қ.) тағайындалды.
 
 
 
Изопреноидтар бойынша22-ші Конференцияның Ұйымдастыру Комитеті
профессор Павел Драшар,
Чех Химиялық Қоғамы,
Прага қ., Чех Республикасы
            Тел.:+420220443698
+420221082383
E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.