«Фитохимия» халықаралық ғылыми-өндірістік холдингі және Қарағанды фармацевтикалық зауыты мен «NADLoC» Жергілікті қамтуды дамыту ұлттық агенттігі арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою туралы

Ақпарат

 

2015 жылдың 11 ақпанында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанда жасалған - Сделано в Казахстане» атты жалпыұлттық акциясының бастамасын салды. Ең алдымен, акция қазақстандық өндірушілерге қолдау көрсетуге, біздің елімізде шығарылатын тауарлар туралы халықтың мол ақпараттандырылуына бағытталған. Бұл бастамаға мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялар ғана емес, акцияға үлкен құлшыныс білдіріп, өндірушілердің өздері де қатысты.

Іс-шараны жүргізу бойынша үйлестіру жұмыстарын «NADLoC» Жергілікті қамтуды дамыту ұлттық агенттігі» АҚ (ҚР ИДМ) жүзеге асырады. Осы бағытта Агенттік ауыз толтырарлық жетістіктерге жетті. «Қазақстанда жасалған - Сделано в Казахстане» атты бірыңғай логотип жасалып, белсенді енгізілуде.  Қазіргі таңда, Қазақстанда шығарылатын барлық өнімге  логотипті салу бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде.

2015 жылдың 22 мамырында Қарағанды қаласы «Фитохимия» халықаралық ғылыми-өндірістік холдингінің базасында «Қарағанды фармацевтикалық зауыты» ЖШС-нде шығарылатын фармацевтикалық өнімге «Қазақстанда жасалған - Сделано в Казахстане» бірыңғай логотипін енгізу және «Фитохимия» халықаралық ғылыми-өндірістік холдингі» АҚ және «Қарағанды фармацевтикалық зауыты» ЖШС мен «NADLoC» Жергілікті қамтуды дамыту ұлттық агенттігі» АҚ (ҚР ИДМ) арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімі болып өтті. 

Инвестициялар және дамыту Министрлігінің жанындағы «NADLoC» Жергілікті қамтуды дамыту ұлттық агенттігі» АҚ  басқарма төрағасының орынбасары Қайсар Аманбаев Қарағанды фармацевтикалық зауытында  бірегей дәрілік препараттардың өндірісі  технологиясымен жеке танысып шықты.  

Келешекте Қарағанды фармацевтикалық зауытында шығарылатын барлық дәрілік  препараттар «Қазақстанда жасалған - Сделано в Казахстане» белгісімен шығатын болады.