ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМ
 
Астана қ.                                                                                                             Қарағанды қ.

«Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Орталық) атынан Орталықтың Жарғысы мен Медициналық орталық туралы Ереженің негізінде әрекет етуші Басшы Валерий Васильевич Бенберин бір тараптан және «Фитохимия» халықаралық ғылыми-өндірістік холдингі» акционерлік қоғамының атынан Жарғы негізінде әрекет етуші Басқарма төрағасы Серғазы Мыңжасарұлы Әдекенов екінші тараптан, бұдан әрі бірге «Тараптар» деп атанып, бірлесіп әрекет етудегі жалпы мүдделілікті белгілеп, ынтымақтастық туралы меморандум (бұдан әрі – Меморандум) жасасты және төмендегілер туралы келісімге келді:
 
                              1.      Меморандумның мақсаты және мәні
 
1.1. Осы меморандумның негізгі мәні Тараптардың Меморандуммен белгіленген өзара әрекет жасау бағыттары жөніндегі ынтымақтастықты қамтамасыз етуі болып табылады.
1.2. Тараптар осы Меморандумды орындау мақсатында өзара ынтымақтастықтың келесі бағыттарын белгілейді:
1.2.1. «Геронтологияға арналған бірегей дәрілік препараттарды жасау. Фармакологиялық және клиникалық зерттеулер және тәжірибелік-өнеркәсіптік өндірісті ұйымдастыру» 2016-2018 жылдарға арналған ғылыми-техникалық бағдарламасын жасау;
1.2.2. Медицина, фармакология саласында бірлескен ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды жасау және іске асыру;
1.2.3. Жаңа дәрілік препараттарды фармакологиялық зерттеу және оларға клиникалық сынақтар жүргізу;
1.2.4. GMP халықаралық стандарттары бойынша ғылымды қажетсінетін технологиялар негізінде бірегей фитопрепараттар өндірісін ұйымдастыру;
1.2.5. Гранттарды алуға өтінімдерді бірлесіп дайындау және ұсыну. Ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметті дамыту;
1.2.6. Бірегей жабдықта бірлескен зерттеулер орындау;
1.2.7. Жас зерттеушілердің тағылымдамасын ұйымдастыру. Рейтингілік басылымдардағы бірлескен жарияланымдар және зерттеу нәтижелерін патенттеу;
1.2.8. ҚР Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығының бөлімшелерін бірегей дәрілік препараттар мен фитошайлармен қамтамасыз ету;
1.2.9. Жаңа медициналық технологияларды дамыту, науқастар ауруларының профилактикасы, диагностикасы, оларды емдеу және оңалту саласындағы тәжірибемен алмасу;
1.2.10. Жаңа медициналық технологиялар, Тараптардың халықаралық жобаларға қатысу тәжірибесі туралы ақпарат ұсыну;
1.2.11. Ынтымақтастық шеңберінде бірлескен ғылыми семинарлар, конференциялар және басқа да іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу;
1.2.12. Тараптармен өзара ескертілген, Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін ынтымақтастықтың кез келген басқа да бағыттары.
1.3. Ынтымақтастық нысандары шектеусіз келесіні қамту мүмкін:
1.3.1. Шарттар жасау;
1.3.2. Консультациялық және сараптамалық көмек көрсету;
1.3.3. Әріптестік, теңдік және өзара мүдделілік қағидаларындағы өзге де ынтымақтастық нысандары.
 
                              2.         Ынтымақтастықты ұйымдастыру
 
2.1. Тараптар осы Меморандумды орындау жөніндегі өзара әрекеттерді үйлестіру үшін Тараптардың өкілдерінен үйлестіру кеңесін қалыптастыру мүмкін.
2.2. Тараптардың ынтымақтастықтың жеке бағыттарын (жұмыстарын, жобаларын) іске асыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте жеке шарттар (келісімдер) жасау мүмкіндігі бар.
2.3. Тараптар осы Меморандумның орындалуын, оған қажет болған жағдайда өзгерістер мен толықтырулар енгізуді талқылау үшін жылына бір реттен кем емес Тараптар өкілдерінің кездесулерін өткізуге келісті.
2.4. Тараптар осы Меморандум бойынша қабылданған міндеттемелерді орындауға бір-біріне барынша жәрдемдесуге тырысады.
2.5. Тараптар:
2.5.1. Осы Меморандумды орындау мақсатында жасалған жеке шарттарда (келісімдерде) көзделген тәртіп пен тәсілдер бойынша бірлескен жұмыстар (жобалар және бағдарламалар) орындауға жәрдемдесуге;
2.5.2. Осы Меморандумның мәніне тиісті кез келген құпия ақпаратты (толық немесе ішінара) жария етудің алдын алу шараларын қолдануға келісті.
2.6. Осы Меморандумның ережелері Тараптардың осы Меморандумда аталып өткен бағыттар бойынша жұмыстар мен зерттеулерді дербес орындау, жобаларды іске асыру құқықтарын шектейді деп қарастырылмауға тиіс.
 
                              3.      Дауларды шешу
 
3.1.  Тараптар арасында осы Меморандумның ережелерін орындаумен байланысты туындайтын келіспеушіліктер келіссөздер арқылы шешілуге тиіс.
 
                              4.      Қорытынды ережелер 

4.1. Осы Меморандум оған Тараптар қол қойған сәттен бастап күшіне енеді және белгісіз мерзім ішінде әрекет етеді.
4.2. Меморандум Тараптардың өзара келісімі бойынша өзгертілу немесе толықтырылу мүмкін. Осы Меморандумға толықтырулар мен өзгерістер жазбаша түрде (екі данада) жасалады және Тараптардың қолы қойылады.
4.3. Осы Меморандум кез келген Тараптың бастамасымен Меморандумды бұзудың болжалды күніне дейін 30 күнтізбелік күннен кеш емес екінші Тарапты жазбаша ескерту арқылы бұзылу мүмкін.
4.4. Меморандум күшінің аяқталуы Тараптар оны іске асыру мақсатында жасаған шарттарды (келісімдерді) бұзудың негізі болып табылмайды.
4.5. Қазақстан Республикасы Астана қаласында 2015 жылдың «___» __________ орыс тілінде екі данада жасалған.