Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі арасындағы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы.
Меморандум
 
Астана қ.                                                                     «      »                                2015 жыл

Бұдан әрі «ҰКП» деп аталатын Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының атынан және Жарғы негізінде әрекет етуші Басқарма төрағасы Абылай Исабекұлы Мырзахметов бір тараптан және бұдан әрі «Министрлік» деп аталатын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің атынан және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі №1005 Қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі туралы Ереженің негізінде әрекет етуші Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Босымбекқызы Дүйсенова екінші тараптан, бұдан әрі бірге «Тараптар», ал жеке «Тарап» немесе жоғарыда аталғандай аталып, Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа алып, өздерінің құзыреті мен өкілеттіктерінің шегінде елдің кәсіпкерлігін дамыту үшін институционалдық негізді қалыптастыру жөніндегі бірлескен әрі келісілген әрекеттерді жүзеге асыру мақсатында төмендегілер туралы уағдаластыққа келді және осы Меморандумды жасасты.
 
                              I.Ынтымақтастықтың мақсаты мен міндеттері

Осы Меморандуммен көзделген Тараптар ынтымақтастығының мақсаты әр Тараптың Қазақстан Республикасының заңнамасымен және (немесе) кәсіпкерлік субъектілері мен олардың ассоциацияларының (одақтарының) мемлекеттік органдармен тиімді өзара әрекеттесуін ұйымдастыру саласындағы құрылтай құжаттарымен көзделген өз міндеттері мен функцияларын іске асырудағы күштерін шоғырландыру арқылы Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің өсуі мен одан әрі дамуына жәрдем беру болып табылады.
Тараптар ынтымақтастығының негізгі міндеттері:
денсаулық сақтау саласында:
1)  денсаулық сақтау саласында бизнесті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау, соның ішінде өнім мен технологиялық үдерістер сапасының халықаралық стандарттарын енгізу;
2)  нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру, сондай-ақ Министрліктің консультативтік-кеңестік органдарының құрамында денсаулық сақтау саласындағы кәсіпкерлік субъектілерінің мүддесін қозғайтын мәселелерді қарастыруға қатысу;
3) денсаулық сақтау саласындағы инвестициялық тартымдылықтың өсуі;
4) тәжірибелік әрекетте, заңнамалық немесе құқықтық аткілер нормаларын қолдану кезінде туындайтын күрделі мәселелерді қарастырған кезде ұсыныстар мен келісілген шешімдер жасау;
5) денсаулық сақтау мамандарын қайта даярлау немесе олардың біліктілігін арттыру мәселелері бойынша бірге қызмет жасау;
6) денсаулық сақтау саласындағы отандық тауар өндірушілеріне қолдау көрсету.
әлеуметтік-еңбек саласында:
1) кәсіпкерлік субъектілерінің еңбек, еңбекті қорғау, жұмыспен қамту, әлеуметтік қамтамасыз ету саласындағы мүддесін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді және мемлекет пен кәсіпкерлердің әлеуметтік-еңбек саласындағы мүддесін есепке алуды жетілдіру;
2) еңбек, жұмыспен қамту, көші-қон және әлеуметтік қамтамасыз ету саласындағы заңнамалық және өзге де нормативтік актілерді тәжірибеде іске асырған кезде туындайтын күрделі мәселелерді қарастыру кезінде Тараптардың келісілген шешімдері мен әрекеттерін жасау;
3) лайықты еңбек үшін жағдайларды қамтамасыз ету бойынша өзара әрекеттесу;
4) әлеуметтік әріптестік институтын дамыту;
5) бизнестің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігін дамыту;
6) еңбек жанжалдарының алдын алу рәсімдерін жетілдіру, оларды шешудің қолданымдағы механизмдер мен нысандарының тиімділігі мен қолжетімділігін арттыру және жаңа механизмдер мен нысандарын дамыту.
кадрларды даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру, ұлттық біліктілік жүйесін енгізу саласында:
1) ұлттық біліктілік жүйесін енгізу;
2) Жұмыспен қамту жол картасы 2020 бағдарламасының шеңберінде экономиканың даму басымдықтарын ескере отырып, еңбек ресурстарының, кадрларды даярлау және қайта даярлаудың сапасын арттыру;
3) еңбек нарығында білікті кадрларға деген мұқтаждықты анықтау;
4) кәсіби стандарттар мен білім беру оқу бағдарламаларын жасауға қатысу;
5)  мамандарды жұмысқа орналастыруға жәрдем беру іс-шараларын жасау және іске асыру.
 
                              II.Тараптар ынтымақтсатығының нысандары мен бағыттары
 
Қазақстан Республикасының қолданымдағы заңнамасына қайшы келмейтін Тараптар ынтымақтастығының кез келген нысандары мен түрлері қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін қолданылу мүмкін және өзекті міндеттерді шешудің алдыңғы қатарлы және көпшілік мойындаған әдістердің енгізілуі құпталады.
Тараптардың ынтымақтастығы ақпаратпен алмасу, Тараптардың ұсыныстарды, аналитикалық шолуларды, презентацияларды және өзге де құжаттарды жолдауы, меморандумдарды, келісімдерді, шарттарды, хаттамаларды, қарарларды және өзге де құжаттарды жасау, бірлескен жоспарлар, бағдарламалар, жобаларды жүзеге асыру, семинарларды, конференцияларды, дөңгелек үстелдерді, брифингтерді, алқалық органдарды (жұмыс топтарын) ұйымдастыру арқылы және Тараптар үшін қолайлы басқа да нысандарда іске асырылу мүмкін.
Тараптардың өзара әрекет етуінің ықтимал салалары осы Меморандумның ережелерінде көрсетілген төмендегідей мәселелермен шектелмейді.
Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін және Тараптармен осы Меморандумға қол қойғанда және кейінгі кезде де өзара қолайлы әрі қажетті деп қарастырылатын кез келген басқа бағыттар бойынша өзара жұмысты жүзеге асыру мүмкін.
Тараптардың осы Меморандум шеңберінде жүзеге асырылатын ынтымақтастығы мен өзара әрекеттестігі, сондай-ақ Тараптардың Меморандум негізіндегі кез келген бірлескен әрекеттері Министрліктің және (немесе) оның ведомстволарының жетекшілік ететін саласындағы қызметіне араласуды көздемейді.
 
                              III.Ақпаратпен алмасу саласындағы ынтымақтастық
 
Тараптар қоғамдық мониторингті жүзеге асыру шеңберінде Тараптардың сауалы бойынша Тараптардың уәкілетті ұйымдары арқылы денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау саласындағы келесі ақпаратпен алмасуға ниеттенеді:
1)  жарты жылда бір рет Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының және «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасының нысаналы индикаторларын орындау туралы;
2)  тоқсанда бір рет статистикалық ақпаратпен алмасу;
3) мамандарға деген мұқтаждық туралы деректер;
4)  бюджеттік қаражат есебінен тегін медициналық көмектің кепілдіндірілген көлемін (көлемі, құны) орналастыру туралы;
5)  республикалық бюджеттік қаражат есебінен сатып алуға жоспарланатын қызметтер, дәрілік құралдар, медициналық мақсаттағы бұйымдар және медициналық техника туралы;
6)  осы Меморандумның қосымшасына сәйкес нысан бойынша бюджеттік қаражат есебінен сатып алынған қызметтер, дәрілік құралдар, медициналық мақсаттағы бұйымдар және медициналық техника туралы;
7)  фармацевтика нарығының ағымдағы жағдайы туралы (атаулар және т.б. бөлінісінде фармацевтикалық өнімнің заттай және/немесе құндық көрінісіндегі экспорты мен импортының көлемі);
8)  өңірлер мен салалар бөлінісіндегі еңбек жанжалдары туралы мәліметтер;
9)  еңбек ресурстарына деген мұқтаждық туралы мәліметтер;
10)  заңнамалық түрде рұқсат шектелмеген өзге де ақпарат.
Сонымен бірге ҰКП Министрлікке деректерді жинау және өңдеу нәтижелері бойынша ақпараттық және аналитикалық материалдарды ұсынады.
Қазақстан Республикасының заңнамасына, Тараптардың үшінші тұлғалар алдындағы шарттық және (немесе) өзге де міндеттемелеріне сәйкес, ақпаратты ұсыну (ашу, кез келген нысанда беру) бойынша қандай да болмасын шектеулер болған жағдайда Тараптар белгіленген тәртіп бойынша бір-біріне ақпаратты ұсыну (ашу, кез келген нысанда беру) мүмкіндігін жасау үшін жоғарыда аталған талаптарды және (немесе) шектеулерді бұзбайтын кез келген қажетті құқықтық және (немесе) ұйымдастырушылық шараларды өзара қабылдауға ниеттенеді.
 
                              IV.Өзге мәселелер жөніндегі ынтымақтастық
 
Отандық кәсіпкерлікті қолдау мақсатында ҰКП ұсыныстар, ұсынымдар енгізу, ақпаратпен алмасу және мониторинг жүргізу құқығымен Министрлікпен денсаулық сақтау және әлеуметтік даму саласындағы бағдарламалық құжаттарды іске асыру барысын талқылау үшін ұйымдастырылатын отырыстарға, жұмыс топтарына, семинарларға қатысу мүмкіндігін қарастырады.
«Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 3-тармағының 3)-тармақшасында көрсетілген ережесін іске асыру мақсатында Министрлік кәсіпкерліктің мүдделерін қозғайтын мәселелерді талқылау шеңберінде бизнес-қоғамдастығының пікірін ескеру үшін ҰКП өкілдерін заңдарды іске асыру шеңберінде тұжырымдамаларды, заң жобаларын, заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді жасау бойынша (соның ішінде мемлекеттік қызмет стандарттарын жасау бойынша) құрылатын консультативтік-кеңес органдарының, жұмыс топтарының құрамына, сондай-ақ ерекше пікір құқығынсыз бақылаушы ретінде бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережесіне сәйкес тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу жөніндегі тендерлік және бағалау комиссияларының құрамына;
-  техникалық ерекшелікті жасау жөніндегі жұмыс тобының құрамына;
-  ұзақ мерзімді шарттарды жасау жөніндегі жұмыс топтары мен бағалау комиссиясының құрамына енгізу мүмкіндігін қарастырады.
10.  Тараптар мерзімді түрде, қажеттілікке қарай өзара мүддені қозғайтын мәселелер бойынша консультациялар өткізуге және құпия ақпараттан басқа ақпаратпен алмасуға ниеттенеді.
 
                              V.Қорытынды ережелер
 
11.              Осы Меморандумға қол қойылғаннан кейін Тараптармен өзара белгіленетін қажеттілік жағдайында Тараптар осы Меморандумда көзделген Тараптар ынтымақтастығының қандай да болмасын бағыттарын тәжірибеде жүзеге асыру үшін қажетті іс-шаралардың бірлескен жоспар-кестесін жасайды және бекітеді.
12.              Осы Меморандумның ережелерінен шығатын кез келген хабарламалар (мәлімдемелер, ақпараттар және т.б.) әр Тараппен белгіленген байланыс тұлғаларына электрондық пошта арқылы жіберіледі және қажет болған жағдайда кез келген өзге тәсілмен (қолма-қол хатпен, факс байланысымен және т.б.) қайта жіберілу мүмкін.
13.              Осы Меморандум және оның ережелерін орындаудан шығатын Тараптардың кез келген қатынастары Қазақстан Республикасының қолданымдағы заңнамасымен реттеледі.
Осы Меморандум Тараптар арасында заңды құқықтар мен міндеттемелерді тудырмайды.
Осы Меморандумның қандай да болмасын ережесін қолданумен байланысты даулар және (немесе) келіспеушіліктер пайда болған жағдайда Тараптар бұндай дауларды және (немесе) келіспеушіліктерді Қазақстан Республикасының қолданымдағы заңнамасымен белгіленген тәртіпте келіссөздер жолымен және (немесе) Қазақстан Республикасының соттарында шешеді.
Тараптар осы Меморандумда көзделген ережелер мен іс-шараларды барынша тиімді және бір-бірінің өзара мүдделерін басшылыққа алып, жүзеге асыруға ұмтылады.
Әр тарап екінші тараптың келісімі бойынша осы Меморандумның ережелерін орындауға үшінші тұлғаны тарту мүмкін.
Осы Меморандумға өзгерістер және (немесе) толықтырулар Тараптардың шешімі бойынша жазбаша түрде енгізілу мүмкін.
Осы Меморандум 2015 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі мерзімге жасалады. Осы Меморандум Тараптарының бірі бұл тармақта көзделген Меморандум күшінің мерзімі аяқталғанға дейін немесе оның күшін тиісті ұзарту мерзімі аяқталғанға дейін Меморандумды тоқтату туралы мәлімдемеген жағдайда оның күші автоматты түрде бір жылға ұзартылады.
 
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі арасындағы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қосымша.
 
Бюджеттік қаражат есебінен сатып алынған қызметтер, дәрілік құралдар, медициналық мақсаттағы бұйымдар және медициналық техника туралы ақпараттың нысаны

Атауы

Халықаралық патенттелмеген атауы (дәрілік құралдар үшін) (Құрамы)

Дәрілік түр (дәрілік құралдар үшін)

Өндіруші

Өлшеу бірлігі

Бөлшектеп өлшеу (дәрілік құралдар үшін)

Жеткізуші

Жеткізушінің БСН (ЖСН)

Сатып алу қорытындысы бойынша өлшеу бірлігінің бағасы

Нақты саны

Нақты сомасы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

19.  Кез келген Тарап осы Меморандумды бұзу және оның күшін тоқтату күніне дейін бір ай бұрын екінші Тарапқа алдын ала жазбаша хабарлама беру арқылы бір жақты тәртіпте мерзімнен бұрын Меморандумды бұзуға және оның күшін тоқтатуға құқылы.
20.  Осы Меморандум әр Тарап үшін бір данадан, әрқайсысы мемлекеттік және орыс тілінде екі түпнұсқалық данада жасалған.
Тараптар бұны растап, осы Меморандумға қол қойды: