АҚПАРАТ

«Фитохимия» халықаралық ғылыми-өндірістік холдингі мен Қарағанды фармацевтикалық зауыты ұжымдарының ҚР Парламенті Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы Серік Байсейітұлы Ақылбаймен кездесуі туралы

   2017 жылдың 4 ақпанында ҚР Парламенті Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы Серік Байсейітұлы Ақылбай Қарағанды қаласында «Фитохимия» халықаралық ғылыми-өндірістік холдингі мен Қарағанды фармацевтикалық зауыты ұжымдарымен кездесті.
   С.Б. Ақылбай фармацевтикалық өндірістің жабдықталу деңгейімен, жаңа технологиялармен, холдинг қызметкерлерінің жұмыс жағдайымен, шығарылатын өніммен,сондай-ақ оның елдің және шетел нарығында сатылуымен танысты.
   Кейін «Фитохимия» холдингі мен Қарағанды фармацевтикалық зауыты ұжымдарымен Қазақстан Республикасы Президентінің Үндеуін және Қазақстан халқына Жолдауын талқылау жиыны өтті.
  Талқылауға «Фитохимия» холдингі мен Қарағанды фармацевтикалық зауытының жетекші ғалымдары, ғылыми қызметкерлері, докторанттары, магистранттары, жас мамандары мен инженер-техникалық қызметкерлері – барлығы 100 астам адам қатысты.
   Елбасының Үндеуі мен Қазақстан халқына Жолдауын талқылау жиыны «Фитохимия» холдингінің басқарма төрағасы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ҚР ҰҒА академигі, химия ғылымдарының докторы, профессор С.М. Әдекеновтің жетекшілігімен өтті.
   ҚР Парламенті Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы С.Б. Ақылбай Қазақстан Республикасы Президентінің Үндеуі мен Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру жөнінде баяндама жасады.
   С.Б. Ақылбайдың сөзінде мемлекеттік билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлудің, жалпы саяси жүйені демократияландырудың негізгі ұстанымдары қарастырылды. Сонымен қатар, ол Елбасының Қазақстан халқына Жолдауының негізгі қағидаларын түсіндіріп берді, атап айтқанда, экономиканың қарқынды технологиялық жаңаруы, шетел инвестицияларын тарту, агроөнеркәсіп кешенін, логистика инфрақұрылымын, құрылыс секторын дамыту, еңбек нарығын жаңғырту, мемлекеттік-жекешелік әріптестікті кеңейту, білім беру реформалары, «Тегін кәсіби-техникалық білім беру» жобасын жүзеге асыру, міндетті медициналық сақтандыру жүйесін енгізу, дәрілік препараттар бағаларын реттеу, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын жетілдіру, құқық тәртібін қамтамасыз ету сияқты негізгі мәселелер қарастырылған.
   «Фитохимия» холдингі мен Қарағанды фармацевтикалық зауытының қызметкерлері Қазақстан Республикасы Президентінің билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі Үндеуін, Мемлекет басшысының халыққа Жолдауының негізгі қағидаларын толығымен қолдады.
   Сондай-ақ, жиынға қатысушылар Қазақстан мен қазақстандықтар таяу жылдар ішінде шешуі тиіс бірқатар нақты міндеттерді және «Фитохимия» холдингі мен Қарағанды фармацевтикалық зауыты қызметкерлерінің Бес институционалды реформаны жүзеге асыру жөніндегі перспективалық жоспарын талқыға салды.
С.Б. Ақылбаймен сұхбат