«ФИТОХИМИЯ» ХОЛДИНГІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ҚҰРАМЫ

«Фитохимия» холдингінде 159 қызметкер еңбек етеді, оның ішінде: ҚР ҰҒА академигі; 2 ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, 17 доктор және 36 ғылым кандидаттары бар. Қызметкерлердің орта жасы– 36. 

«Фитохимия» холдингінің базасында ОД 53.47.10 Диссертациялық кеңесі қызмет атқарды (ҚР БҒМ БҒСБҚ 10.11.2006 жылғы № 850 бұйрығы). 2007-2010ж.ж. аралығында биоорганикалық химия, фармацевтикалық химия және фармакогнозия, дәрі-дәрмектер технологиясы және фармацевтикалық істі ұйымдастыру, фармакология мамандықтары бойынша 14 докторлық және 37 кандидаттық диссертациялар қорғалды. «Фитохимия» холдингінде 3 PhD докторанты және 5 магистранты білім алады.  

«GLATT Ingenieurtechnik GmbH» (Веймар қ., Германия) компаниясы холдингінің 3 қызметкеріне (А.Н. Жабаева, А.С. Әдекенова, А.К. Кенжебеков) «Бүріккіш кептіру, жалған сұйылтылған қабат, түйіршіктеу бойынша технологиялық құрал-жабдықты пайдалану» сертификаттарын табыс етті.

2011 жылы «Intercert Consulting Central Asia» компаниясы холдингінің 31 қызметкеріне «Халықаралық ISO  9001:2008 стандартының талаптарына сәйкес сапа менеджменті жүйесін жасау және енгізу» сертификатын табыс етті.