Арглабин – ісікке қарсы препарат

Арглабин иммунтүрлендіруші әсерге ие. Т- және О-лимфоциттердің санын ұлғайтып, теофиллинрезистенттік Т-лимфоциттердің субпопуляцияларын арттырады. Макрофагтардың қабынуға қарсы цитокиндерді түзуін баяулатады және фагоцитозды ынталандырады.

Құрамы
Белсенді зат: арглабин сесквитерпендік лактоны – 0,05 г,
Қосымша заттар: төмен молекулалы поливинилпирролидон – 0,0170 г, лактоза – 0,1248 г, натрий альгинаты – 0,0042 г, кальций стеараты – 0,002 г, аэросил – 0,002 г.
Фармакологиялық қасиеттері
AUC0-? дара  көрсеткіштері мен дозалардың қатынасымен белгіленетін нативті арглабиннің салыстырмалы биологиялық қолжетімділігі (f) субстанциямен салыстырғанда капсула үшін орта есеппен 410,79 ± 276,30 % құрайды. Орташа айналу уақыты 2,26 ± 0,24 сағ. Жартылай элиминация кезеңі 1,59±0,39 сағ.
Қолданылуы
«Арглабин» препараты иммунтүрлендіруші ретінде екінші реттік иммун тапшылығы жағдайларында, сондай-ақ химиялық немесе сәулелік терапияны қабылдайтын онкологиялық науқастарды иммундық оңалту үшін ұсынылады.
Қолдану тәсілі және дозалары
Препаратты күніне 2 рет тамақтан 30 минут бұрын 1 капсуладан ішеді. Емдеу курсы 10-12 күн.
Жағымсыз әсерлері
Жағымсыз әсерлері анықталмаған.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
-                     препаратты жеке көтере алмаушылық
-                     жүктілік және лактация кезеңі.
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Басқа дәрілік заттармен жағымсыз өзара әрекеттесуі тіркелмеген.
«Арглабин» препаратының клиникада қолданылуы жөніндегі әдістемелік нұсқаулықты жүктеу.