Атеролид – атеросклерозға қарсыдәрі 

Көптеген зерттеулер атеросклероз даму тәуекелінің басты факторларының бірі қандағы холестериннің жоғары деңгейі болып табылатынын көрсетеді.
Холестерин деңгейін төмендету қасиетіне ие, фибраттар мен статиндер тобындағы бір де бір заманауи препарат Қазақстан Республикасында өндірілмейді.
Осыған байланысты, «Фитохимия» холдингінде ақшыл жусаннан Artemisia leucodes Schrenk. бөлініп алынған леукомизин сесквитерпендік лактоны негізінде атеросклерозға қарсы «Атеролид» препараты жасалды.

Құрамы
Белсенді зат – леукомизин сесквитерпендік лактоны 0,03 г,
Қосымша заттар – лактоза 0,192 г, картоп крахмалы 0,0255 г, кальций стеараты 0,0025 г.
Фармакологиялық қасиеттері
Атеролид жалпы холестериннің, тығыздығы төмен липопротеидтер холестеринінің, тығыздығы өте төмен липопротеидтер холестеринінің және триглицеридтердің мөлшерін төмендетеді, сондай-ақ қолқа эндотелийінің атерогенді липидтер үшін өткізгіштігін азайтады.
Қолданылуы
Атеролид жүректің ишемиялық ауруы бар және жалпы холестерин концентрациясы ?5,5 ммоль/л науқастарға коронарлы тамырлардағы атеросклероздық үдерістердің дамуын бәсеңдету үшін; сондай-ақ Атеролид жалпы холестериннің, тығыздығы төмен липопротеидтер холестеринінің және триглицеридтердің концентрациясы жоғары науқастардың диеталық емдеуін толықтырушы препарат ретінде көрсетілген.
Қолдану тәсілі және дозалары
Атеролидті 0,06-0,09 г-нан (2-3 таблетка) күніне бір рет ішеді. Бір реттік доза: орташа – 2 таблетка, жоғары – 3 таблетка. Емдеу курсы – 3-4 ай.
Жағымсыз әсерлері
Жағымсыз әсерлері анықталмаған.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
-    препаратты жеке көтере алмаушылық
-    жүктілік және лактация кезеңі
-    айқын бүйрек және бауыр жеткіліксіздігі.
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Леукомизиннің бірқалыпты гипокоагуляциялық белсенділігін ескере отырып, оны тікелей және жанама әсер ететін антикоагулянттармен сақтықпен үйлестірген жөн. Гипокоагуляциялық синдромның алдын алу үшін қанның ұйығыштық жүйесінің жағдайын жүйелі түрде талдау қажет.