Диссертациялық кеңес

2006 жылдың қараша айынан бастап холдингте ҚР БҒМ білім және ғылым саласындағы Бақылау комитетінің 2006 жылғы 10 қарашасындағы № 850 бұйрығына сәйкес ОД. 53.47.10 диссертациялық кеңес ашылды. Диссертациялық кеңеске келесі мамандықтар бойынша докторлық (кандидаттық) диссертацияларды қорғауға рұқсат етілген:

02.00.10 - биоорганикалық химия (химия ғылымдары);

15.00.01 – дәрі-дәрмектер технологиясы және фармацевтикалық істі ұйымдастыру (фармацевтика ғылымдары);

15.00.02 - фармацевтикалық химия, фармакогнозия (фармацевтика ғылымдары).

2008 жылы ҚР БҒМ білім және ғылым саласында Бақылау комитетінің 2008 жылдың 21 қаңтарындағы №45 бұйрығымен ОД 53.47.10 диссертациялық кеңесінің өкілеттік мерзімі  31 желтоқсанға дейін созылды.

2007-2010 жж. аралығында  ОД 53.47. 10 Диссертациялық кеңесінің 82 отырысы болып өтті. Осы кезең аралығында мына мамандықтар бойынша 14 докторлық және 37 кандидаттық диссертация қорғалды: 02.00.10 - биоорганикалық химия (химия ғылымдары); 15.00.01 – дәрі-дәрмектер технологиясы және фармацевтикалық істі ұйымдастыру (фармацевтика ғылымдары); 15.00.02 - фармацевтикалық химия, фармакогнозия (фармацевтика ғылымдары).

2008-2010 жылдар аралығында қорғалған диссертациялар саны:

1. 02.00.10 - биоорганикалық химия мамандығы бойынша 5 докторлық диссертация (Г.А. Атажанова, А.Ж. Тұрмұхамбетов, Б.И. Төлеуов, Р.И. Жалмаханбетова, Н.А. Сұлтанова);

2. 02.00.03 - органикалық химия және 02.00.10 - биоорганикалық химия мамандықтары бойынша  1 докторлық диссертация (И.В. Кулаков);

3. 15.00.01 – дәрі-дәрмектер технологиясы және  фармацевтикалық істі ұйымдастыру және 15.00.02 - фармацевтикалық химия, фармакогнозия мамандықтары бойынша 3 докторлық диссертация (Х.И. Итжанова, А.Б. Шүкірбекова, С.А. Ивасенко);

4. 15.00.01 - дәрі-дәрмектер технологиясы және  фармацевтикалық істі ұйымдастыру мамандығы бойынша 4 докторлық диссертация (У.М. Датхаев, З.Б. Сакипова, Г.О. Устенова, Е.Г. Толоконников);

5. 02.00.10 - биоорганикалық химия мамандығы бойынша 13 кандидаттық диссертация (М.Т. Ағеділова, Д.Т. Садырбеков, Л.А. Мусина, Г. Хабдолда, Е.В. Бурдельная, Г.К. Мұқышева, А. Зейнульдина, Э.К. Донбаева, Н.Ж. Нұрмағанбетов, Л.С. Постников, М.А. Родичев, Н.М. Исмағұлова);

6. 15.00.01 - дәрі-дәрмектер технологиясы және  фармацевтикалық істі ұйымдастыру және 15.00.02 - фармацевтикалық химия, фармакогнозия мамандықтары бойынша 3 кандидаттық диссертация (Г.Х. Төлеуова, А.Н. Жабаева, Г.Т. Мұрзалиева);

7. 15.00.01-дәрі-дәрмектер технологиясы және  фармацевтикалық істі ұйымдастыру мамандығы бойынша 18 кандидаттық диссертация (А.А. Жузенов, Е.В. Ставнистая, С.К. Бақтыбаева, Л.Н. Пучкина, А.К. Батралиева, Е.В. Степкина, К.Т. Раганина, Н.Е. Тоғаева, К.К. Қожанова, М.Е.Ким, Е. Ғалымов, Н.А. Бейсенбеков, И.А.Хабаров, Э.Н. Капсалямова, А.Т. Медешова, В.В. Фольмер, М.К. Каманова, А.Б. Сағынбазарова)

8. 15.00.02 - фармацевтикалық химия, фармакогнозия мамандығы бойынша 4 кандидаттық диссертация (Б. М. Танагөзова, Ф.М. Смағұлова, Б.И. Тұрсұбекова, А.Д. Серікбаева).

9. 1 ұжымдық рецензия қаралды ( Т.Б. Байзолданов).