Қарағанды фармацевтикалық зауыты

   2005 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жеке тапсырмасы бойынша бәсекеге қабілетті бірегей фитопрепарттар өндірісіне арналған ампулалау және сублимациялық кептіру цехы мен сапаны бақылау зертханасын қамтитын кешеннің бірінші кезегі, ал 2008 жылдың қараша айында фармацевтикалық кешеннің екінші кезегі – дәрілік препараттарды экстракциялау және синтездеу цехы салынып, пайдалануға берілді.

   Қарағанды фармацевтикалық зауытының өндірістік учаскелері GMP стандарттарына сәйкес келеді және «Найтек Инструмент», «Гензер», «Альфа Хром» (Германия), «Милипор» (Франция), «Натекс» (Австрия) және т.б. компаниялардың заманауи фармацевтикалық жабдықтарымен жасақталған.

     Шикізат базасы: дәрілік шикізат өндірісіне Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының «Березняки» тәжірибелік-өндірістік шаруашылығында 1500 га арналған.
     Өндірістік қуат: жылына бәсекеге қабілетті бірегей фитопрепараттардың 2 млн. ампуласы, 120 млн. таблетка мен капсуласы және 2 млн. жұмсақ дәрілік түрі шығарылады.
     Шығарылатын өнім: 72 бірегей фитопрепарат түрі. Соның ішінде ісікке қарсы «Арглабин», гепатопротекторлық «Салсоколлин», паразитке қарсы «Саусалин», гиполипидемиялық «Атеролид», адаптогенді «Экдифит» препараттары.

    1995-2016 жылдар ішінде дәрілік шикізатты өндіру мен оны қайта өңдеуден бастап, бірегей фитопрепараттардың дайын дәрілік түрлерін өндіруге дейінгі толық технологиялық цикл құрылған.