Стажировка

FaLang translation system by Faboba

Тағылымдама

«Фитохимия» ХҒӨХ үшін Қазақстанның жалпы ғылыми және зерттеушілік әлеуетін дамыту және отандық ғылыми кадрларды қалыптастыру маңызды болып табылады.

Холдинг ғылыми қызметпен айналысуға ниет білдірген талантты студенттерді қолдауға өз үлесін қосады.

Біз бакалавриат, магистратура бағдарламалары бойынша Қазақстанның ЖОО техникалық және ғылыми-жаратылыстану бағыттары бойынша студенттердің өз ұйымымызда тағылымдамадан өту өтініштерін қарастыруға әрқашан дайынбыз.

Тағылымдамаға қатысу үшін ізденуші қатысу өтінішін толтырып және оны келесі құжаттар жинағымен бірге жіберуі керек:

• жеке куәлік көшірмесі;

• сынақ кітапшасының көшірмесі (барлық сессиялары);

• бағалары көрсетілген бакалавриатты аяқтау туралы дипломының және диплом қосымшасының (барлық семестрлер) көшірмесі (магистранттар және түлектер үшін);

• ғылыми жұмыстар конкурстарының дипломдарының, сертификаттарының көшірмелері;

• мотивациялық эссе;

• ғылыми жетекшісінің/проректордың/ЖОО ректорының ұсынысы;

• түйіндеме.

Қатысу өтініші

Өтінішті және құжаттар жинағын: info@phyto.kz
электронды мекенжайына «Тағылымдамаға қатысу өтініші» хат тақырыбымен жіберілуі керек.