Қазақстандағы және орта Азиядағы өсімдіктекті шикізат негізінде бірегей дәрілік препараттарды жетекші әзірлеуші болып табылатын «Фитохимия» халықаралық ғылыми-өндірістік холдингінің сайтына қош келдіңіздер.
Фитохимия, яғни өсімдіктер химиясы табиғи қосылыстар химиясының көшбасшы бағыттарының бірі ретінде практикалық маңызы бар өсімдіктекті заттарды бөліп алу мен сәйкестендіруде маңызды болып табылады. Технологияның дамуы және адамзаттың жаңа жетістіктерімен қатар өсімдіктерді және олардың ауруларды емдеудегі мүмкіндіктерін терең зерттеу бұрын-соңды болмаған өзектілікке ие болып отыр.
Біздің ұйымның қызметі 1977 жылы Қарағанды қаласындағы Химия-металлургия институтындағы табиғи қосылыстар химиясы шағын зертханасының негізінде басталған. Ол уақытта мұнда Қазақстанның жабайы өсімдіктер дүниесін зерттеу бойынша кешенді, ауқымды зерттеу жұмыстары: анықтау, жаңа молекулалар құрылысын, олардың химиялық модификациясын белгілеу және биологиялық белсенділігін анықтау жүзеге асырылған.
Бүгінгі таңда «Фитохимия» халықаралық ғылыми-өндірістік холдингі – бұл фармацевтика саласындағы инновациялық жобаларды жүзеге асыру орталығы, мұнда өсімдіктекті шикізатты өңдеу, субстанция алудан бастап, дайын дәрілік түрлерді, бірегей фитопрепараттарды өндіруге дейін толық технологиялық цикл енгізілген.
«Фитохимия» холдингі химия, фармакология, фармацевтика және биология бағытындағы 12 ғылыми-зерттеу бөлімшені қамтиды. Мұнда екі жүзге жуық қызметкер, оның ішінде, Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының екі академигі, үш ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі, 17 ғылым докторы, 42 ғылым кандидаты, 27 PhD докторанттар және магистранттар жұмыс жасайды.
Біз 15 мемлекеттегі 40 жуық институттарды қамтитын жұмыс барысында жолға қойылған халықаралық ғылыми қатынастарымызды мақтан тұтамыз. Әлемнің жетекші ғылыми-зерттеу институттарымен, жоғары оқу орындарымен халықаралық ынтымақтастық ғылыми-техникалық ынтымақтастықты дамытуға, біздің ғылыми қызметкерлеріміздің біліктілігін арттыруға, бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізуге бағытталған.
Дегенмен, біздің басты құндылығымыз – бұл ғалымдар, Холдинг қызметкерлері. Адам барлық жұмысымыздың түпнегізі болып табылады және біз өз ұйымымызда кәсіби өсу мүмкіндігін береміз.
Ықыласпен,
Профессор Серғазы Мыңжасарұлы Әдекенов
«Фитохимия» халықаралық ғылыми-өндірістік холдингінің бас директоры,
ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, химия
ғылымдарының докторы, ҚР Ғылым және техника
саласындағы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты,
Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері.