Миссиясы - Отандық химия және фармацевтика өнеркәсібін дамыту үшін ғылыми және технологиялық әзірлемелерді дайындау және жүзеге асыру.
Болжам - ғылыми және технологиялық әзірлемелерді коммерцияландыру әлеуеті бар, инновациялық жобаларды жүзеге асыруға мүдделі компания
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрілігің Фитохимия институты Қарағанды қаласында 1995 жылы ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жеке қолдауымен ашылған.* Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2005 жылы** институт «Фитохимия» ғылыми-өндірістік орталығы» АҚ болып, кейін 2009 жылы*** «Фитохимия» ғылыми-өндірістік орталығы» АҚ болып қайта құрылған.
Бүгінгі таңда «Фитохимия» ҒӨО Қазақстандағы және Орта Азиядағы өсімдіктекті шикізат негізінде бірегей дәрілік препараттарды жетекші әзірлеуші болып табылады.
Біз бірегей отандық препараттарды кешенді әзірлеуді: биологиялық белсенді заттарды іздеуден бастап, дәрілік шикізатты өсіру, оны өңдеу және жаңа фитопрепараттардың дәрілік түрлерінің тәжірибелік-өнеркәсіптік партияларын өндіруге дейін жүзеге асырамыз.
● Ғылыми және ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асыру құқығы (аккредитация туралы 2021 жылғы 18 қазан МК № 000255 куәлік);
● Магистратура, PhD докторантура түрінде ЖОО кейінгі кәсіби білім беру құқығы (АБ №0137338, 2010 жылғы 30 маусым).
● Өнеркәсіптік өндіріс жағдайында дәрілік құралдарды дайындау бойынша фармацевтикалық қызмет (№ ФД65000018 КМПЦФ, 2010 жылғы 4 ақпан).
* Қазақстан Республикасының Министрлер кабинетінің 07.04.1995 жылғы №430 қаулысы.
**Үкіметтің 27.09.2005 жылғы №953 қаулысы.
***ҚР Президенті Н.Ә. Назарбевтың 2009 жылғы 15 қаңтардағы №41-8.24 тапсырмасы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 3 шілдедегі №668 қаулысы және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің 2009 жылғы 24 наурыздағы №139 бұйрығы.