Қауымдастырылған профессор ғылыми атағының берілуімен құттықтаймыз
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының 2021 жылғы 7 шілдедегі №547 «Ғылыми атақ беру туралы» бұйрығына сәйкес PhD докторы Зарина Аронқызы Біләловаға 14.00.00 – Медицина мамандығы бойынша қауымдастырылған профессор ғылыми атағы берілді.
«Фитохимия» халықаралық ғылыми-өндірістік холдингінің ұжымы Зарина Аронқызы Біләлованы лайықты атағымен құттықтап, зор денсаулық пен шығармашылық табыс тілейді.