Паразитке қарсы бірегей «Саусалин» препаратын тіркеудің екінші кезеңі сәтті аяқталды

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі паразитке қарсы бірегей «Саусалин» препаратының субстанциясын тіркеді (15.07.2021 жылғы №ҚР-ДЗ-5№025086 тіркеу куәлігі). Осылайша, Қарағанды фармацевтикалық зауыты препарат жасалатын шикізатты, сондай-ақ субстанцияны сәтті тіркеді. Кезекте соңғы кезең – дайын дәрілік түрді тіркеу.

Жаңа қазақстандық «Саусалин» препараты «Фитохимия» халықаралық ғылыми-өндірістік холдингі» АҚ-да сортаң шұбаршөптің (Saussurea salsa (Pall.) Spreng.) биологиялық белсенді терпеноидтарының негізінде жасалды және оның лямблиоз бен описторхозға қарсы әсері бар. Саусалиннің фармакологиялық белсенді заты цинаропикрин сесквитерпенді лактоны болып табылады.

Саусалин қолдану кезінде жоғары қауіпсіздікпен сипатталады. Клиникалық зерттеулердің үш фазасы көрсеткендей, жалпы хал-жайы мен көңіл-күйдің нашарлауы, жанама әсерлер анықталған жоқ. Саусалин бүйрек пен бауырдың экскреторлық функциясына, ішектің қалыпты микрофлорасының құрамына әсер етпейді, жергілікті тітіркендіргіш әсері жоқ. «Саусалин» препаратына жүргізілген клиникаға дейінгі және клиникалық зерттеулердің нәтижелері бойынша оны созылмалы описторхозды емдеу кезінде қолданудың тиімділігі анықталды. Саусалин «Бильтрицид» (Bayer, Германия) референс-препаратына қарағанда салыстырмалы түрде жоғары спецификалық белсенділікті (97,5%) көрсетті.

«Саусалин» препаратын қолдану «Орнисид» («Abdi Ibrahim», Түркия). референс-препаратымен салыстырғанда 98,6% емделушілерде лямблиялардың эрадикациясына қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Паразитке қарсы «Саусалин» препаратын алу тәсілі № 023377 Еуразиялық патентпен қорғалған.

«Саусалин, 0,12 г таблеткалар» препараты «Қарағанды фармацевтикалық зауыты» ЖШС-де ғылымды қажетсінетін бірегей технология негізінде өндіріледі.

 

 

FaLang translation system by Faboba