Қарағанды ботаникалық бағын дамыту келешегі туралы

2022 ж. 24 маусым

Қарағанды қ., Қазақстан

 

Қарағанды ботаникалық бағы XX ғасырдың 40-жылдарының ортасында құрылған Қарағанды қаласының сәні еді. Өкінішке орай, 90-шы жылдардың басында КСРО ыдырағаннан кейін Қарағанды ботаникалық бағы өте ауыр, қараусыз күйде қалды.

Ботаникалық бақты одан әрі дамыту мәселесін кешенді шешу және оны қала мен облыс үшін толыққанды қалпына келтіру қажеттілігін түсіне отырып, 2022 жылғы 21 маусымда Коммерциялық емес ұйым – «Қарағанды ботаникалық бағын дамыту қоры» корпоративтік қоры (бұдан әрі – Қор) тіркелді. Қордың Қамқоршылық кеңесінің құрамына Қазақ орман шаруашылығы және агроорманмелиорация ғылыми-зерттеу институтының, Ботаника және фитоинтродукция институтының, «Фитохимия» халықаралық ғылыми-өндірістік холдингінің, РҒА Ресей ботаникалық бақтары кеңесінің өкілдері кірді.  Қарағанды қаласының әкімдігі бірлесіп орындаушы ретінде әрекет етеді. Қарағанды қаласының әкімдігімен бірлесіп ботаникалық бақ аумағына ерекше қорғалатын аймақ мәртебесін қайтару бойынша іс-шаралар өткізу жоспарлануда.

Қордың негізгі мақсаты – Қарағанды ботаникалық бағын қайта құру, оны жаңа өсімдік түрлерін интродукциялау мен коллекциялаудың, оқу-ағарту жұмыстарын жүргізудің ғылыми-зерттеу объектісі ретінде жайластыру. Қазіргі уақытта ботаникалық бақтың бас жоспарын әзірлеу бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Біз бірлескен күш-жігерімізбен Қарағанды ботаникалық бағына өсімдіктердің алуан түрлілігін ex-situ коллекцияларында сақтау және экологиялық ағарту жөніндегі негізгі орталықтың рөлін қайтаруға үміттіміз. Сонымен қатар қалпына келтірілген ботаникалық бақ экологиялық таза материалдарды пайдалануды және көміртек шығарындылары төмен күнделікті қызметті алға тарта отырып, тұрақты дамудың үлгілі ұйымы ретінде әрекет етеді.

 

FaLang translation system by Faboba