Медицина ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесінің берілуімен құттықтаймыз
Қырғыз Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық аттестаттау комиссиясының 2022 жылғы 02 маусымдағы № 333 қаулысына сәйкес Қырғыз Республикасы ЖАК Төралқасымен «Фитохимия» халықаралық ғылыми-өндірістік холдингі» АҚ фармакология зертханасының аға ғылыми қызметкері Лейла Ибатуллақызы Арыстанға 14.03.06 – фармакология, клиникалық фармакология мамандығы бойынша медицина ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесі берілді.
«Фитохимия» халықаралық ғылыми-өндірістік холдингінің ұжымы Лейла Ибатуллақызы Арыстанды медицина ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесіне ие болуымен құттықтап, зор денсаулық пен жаңа шығармашылық табыстар тілейді.