Поляк делегациясының сапары
2022 жылғы 31 қазанда Белосток қаласынан Жоғары медицина мектебінің президенті, профессор Миколай Томулевич, профессор Яцек Никлинский, Белосток университетінің ғылым және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі уәкілетті ректоры, профессор Агнешка Закешская, Өсімдіктерді қорғау институты – Ұлттық зерттеу институтының директоры, профессор Божена Лозовицкая құрамындағы поляк делегациясы «Фитохимия» халықаралық ғылыми-өндірістік холдингі» АҚ мен «Қарағанды фармацевтикалық зауыты» ЖШС-ға сапармен келді.
Сапар барысында делегация «Фитохимия» халықаралық ғылыми-өндірістік холдингінің зертханаларымен, Қарағанды фармацевтикалық зауытының өндірістік учаскелерімен, кәсіпорындардың ғылыми әзірлемелері мен шығарылатын фармацевтикалық өнімдерімен танысты.
Кездесу барысында «Фитохимия» ХҒӨХ бас директоры, ҚР ҰҒА академигі, химия ғылымдарының докторы, профессор Серғазы Мыңжасарұлы Әдекенов, Қарағанды фармацевтикалық зауытының директоры, фармацевтика ғылымдарының докторы Евгений Геннадьевич Толоконников және профессор Миколай Томулевич бастаған поляк делегациясы биологиялық белсенді өсімдік заттары негізіндегі субстанцияның бірлескен өндірісін ұйымдастыру мәселелерін талқылады.