«Парасат» ҒТО»АҚ басшылығының «Фитохимия» ХҒӨХ» АҚ-ға сапары

«Парасат» ҒТО» АҚ («Фитохимия» ХҒӨХ» АҚ акционері) басқармасының төрағасы  Диас Асқарұлы Бексолтан және «Парасат» ҒТО» АҚ басқармасы төрағасының орынбасары Олжас Алтаев 09.03.2023 ж. зертханалар мен фармацевтикалық өндірісте іс сапарымен болды. Гранттық жобалар бойынша эксперименттердің орындалуымен, ҒЗИЖ нәтижелерін коммерцияландырумен танысты.

Ғылым және жоғары білім министрі С. Нұрбектің тапсырмасы бойынша «Парасат» ҒТО» АҚ басқармасының төрағасы Д.А. Бексолтан Халықаралық әйелдер күніне орай, отандық ғылымды дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін «Фитохимия» халықаралық ғылыми-өндірістік холдингі» АҚ ғылыми хатшысы Ольга Викторовна Масловаға ҒЖБМ Құрмет грамотасын табыс етті.

«Фитохимия» халықаралық ғылыми-өндірістік холдингінің ұжымы Ольга Викторовнаны лайықты марапатымен шын жүректен құттықтап, зор денсаулық пен жаңа шығармашылық табыстар тілейді.

 

   

FaLang translation system by Faboba