Қазақстан фитопрепараттарының жаңа мүмкіндіктері
«Фитохимия» халықаралық ғылыми-өндірістік холдингі мен Қарағанды фармацевтикалық зауытында Қарағанды медицина университетінің өкілдерімен және М. Гераци атындағы Ереван мемлекеттік медицина университетінің профессоры Шушаник Геворковна Африкянмен (Ереван қ., Армения) кездесу өтті. Кездесу барысында бірегей дәрілік препараттарды жасау бойынша бірлескен жұмыс жоспарлары, сондай-ақ қазақстандық фитопрепараттарды Арменияның фармацевтикалық нарығына шығару мүмкіндіктері талқыланды.