Жаңа дәрілік құрал
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі «Фитохимия» ғылыми-өндірістік орталығы» АҚ-да жасалған, Chartolepis intermedia Boiss. фармакологиялық белсенді сесквитерпенді лактоны негізіндегі «PhytoСyn/ФитоЦин» паразитке қарсы жаңа құралын тіркеді (2024 жылғы 9 ақпандағы KZ.16.01.98.003.R.000102.02.24 мемлекеттік тіркеу туралы куәлік).
Қарағанды фармацевтикалық зауыты қолдануға арналған бірегей дәрілік құралдың өндірісін бастады.