Қытай дәрігерлері Фитохимияда

Ағымдағы жылдын 26 сәуірінде Сиань медициналық орталығының (Сиань қ., Қытай Халық Республикасы) делегациясы құрамында орталық директоры, профессор Сун Хуцзе, директордың орынбасары Вэй Юаньбинь, халықаралық бөлім басшысы Ван Хуэй «Фитохимия» ғылыми-өндірістік орталығы» АҚ және «Қарағанды фармацевтикалық зауыты» ЖШС-да болды.

Қытай делегациясы ботаникалық бақпен, дәрілік өсімдіктер коллекцияларымен, «Фитохимия» ҒӨО зертханаларымен, Қарағанды фармацевтикалық зауытының өндірістік учаскелерімен танысты. 

     

«Фитохимия» ҒӨО» АҚ бас директоры С.М. Әдекенов, ғалым хатшы О.В. Маслова, зертхана меңгерушісі Ә. Аманжан, «ҚФЗ» ЖШС директоры Е.Г. Толоконников делегацияға учаскелер мен зертханалар бойынша түсініктеме берді.

  

   

 

Қытайлық дәрігерлер мен қарағандылық фитохимиктер дәстүрлі қытай медицинасында бірегей фитопрепараттарды қолдану перспективалары мен ынтымақтастықтың әлеуетті мүмкіндіктерін талқылады.

 

FaLang translation system by Faboba