ЕҢБЕК ҮШІН ЛАЙЫҚТЫ МАРАПАТ

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында 2022 жылғы 15 желтоқсанда Астана қаласында «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы өткізген VI өндіріс озаттарының форумы өтті.

Форумды ҚР Парламенті Сенаты Комитетінің төрағасы, «Ауыл» ХДПП төрағасы Әли Бектаев ашып, барлық қатысушыларды Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Ә. Бектаев өз сөзінде еліміздің ұлттық мерекесі қарсаңында ауыл шаруашылығын, білім беру, денсаулық сақтау салаларын, өнеркәсіпті, мәдениетті, спортты және басқа да салаларды дамытуға елеулі үлес қосқан партия мүшелері биылғы жылы мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапатталғанын ерекше атап өтті.

Форумда марапаттау рәсімі өтті.

Отандық фармацевтика саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі, тәжірибелік медицинаға бірегей дәрілік препараттарды енгізгені үшін «Фитохимия» халықаралық ғылыми-өндірістік холдингі» АҚ ғылыми хатшысы Ольга Викторовна Маслова Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталды.

«Фитохимия» халықаралық ғылыми-өндірістік холдингінің ұжымы Ольга Викторовнаны жоғары наградасымен құттықтап, зор денсаулық пен жаңа шығармашылық табыстар тілейді.

FaLang translation system by Faboba