Иран Ислам Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісінің «Фитохимия» ҒӨО» АҚ-ға сапары

2024 жылғы 07 тамызда Иран Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Джоукар Али Акбар «Фитохимия» ғылыми-өндірістік орталығы» акционерлік қоғамында (Қазақстан Республикасы, Қарағанды қ.) болды. Елшімен бірге Елшіліктің кеңесшісі Сейед Мохаммад Хоссейни келді.

Сапар барысында Иран делегациясы ботаникалық бақпен, эндемикалық және дәрілік өсімдіктердің коллекциялық учаскелерімен, «Фитохимия» ғылыми-өндірістік орталығының зертханаларымен, Қарағанды фармацевтикалық зауытының өндірістік учаскелерімен, кәсіпорынның ғылыми әзірлемелерімен және шығарылатын фармацевтикалық өнімдерімен танысты.

   
       

Кездесу барысында «Фитохимия» ҒӨО бас директоры, ҚР ҰҒА академигі, химия ғылымдарының докторы, профессор С.М. Әдекенов, Қарағанды фармацевтикалық зауытының директоры, фармацевтика ғылымдарының докторы Е.Г. Толоконников, «Фитохимия» ҒӨО ғалым хатшысы О.В. Маслова Қазақстандық «Фитохимия» ғылыми-өндірістік орталығының Иран Ислам Республикасының университеттері мен фармацевтикалық компанияларымен Иран мен Қазақстан аумағында өсетін дәрілік өсімдіктердің эндемиялық түрлерін химиялық және фармакологиялық зерттеу, олардан биологиялық белсенді заттарды бөліп алу мен сәйкестендіру және олардың негізінде бірегей дәрілік препараттарды әзірлеу бойынша екіжақты ғылыми-техникалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

 

     

FaLang translation system by Faboba