СЕНАТОРЛАРДЫҢ БАҚЫЛАУЫНДА
2025 жылғы 27, 29 желтоқсанда «Фитохимия» ғылыми-өндірістік орталығы» АҚ зертханалары мен өндірістік учаскелерінде ҚР Парламенті Сенатының депутаттары С.М. Ершов пен С.Б. Өтешов сапармен болды.
| |
ҚР Парламенті Сенатының депутаттарымен өткен кездесуде отандық фармацевтика саласын дамытудың күрделі мәселелері талқыланды, атап айтқанда:
- салаға шетелдік инвестицияларды тарту үшін жағдай жасау бойынша жүйелі шаралар қабылдау;
- республикаға үлкен көлемде жеткізілетін дәрілік құралдарды, әсіресе шетелдік препараттарды цифрлық таңбалау және штрих-кодтау;
- бірегей дәрілік препараттардың клиникаға дейінгі және клиникалық зерттеулерін қаржыландыру мәселесі;
- дженериктік препараттарды тіркеу сияқты бірегей отандық фитопрепараттардың субстанциялары мен дайын дәрілік түрлерін тіркеу жағдайы;
- өңірлік ғылымды дамытуды ескере отырып, республика бойынша ғылыми әзірлемелерге қаржыландыруды бөлу мәселесі;;
- отандық ғылым мен бизнес үшін жоғары білікті мамандарды даярлау мәселесі. Бұл мәселені шешудің ұтымды және тиімді тәсілі PhD докторларын университеттер базасында даярлау болып табылады, ғылыми-зерттеу орталықтары мен институттарының негізінде диссертациялық кеңестер ұйымдастырып, PhD диссертацияларын қорғауды сол жерде жүргізу қажет.
| |
Бұл ретте мемлекеттік гранттар есебінен оқыған ЖОО түлектерін 3-5 жыл ішінде міндетті түрде жұмыс істеткізумен отандық кәсіпорындарға бөлуді енгізу қажет.
Сенаторлар тиісті бейінді министрліктер арқылы шешу кезінде көмек көрсету үшін аталған барлық күрделі мәселелерді бақылауға алды.
