СПОРТТЫҚ МЕДИЦИНАҒА АРНАЛҒАН БІРЕГЕЙ ФИТОПРЕПАРАТТАР
Ағымдағы жылдың 13 қаңтарында туризм және спорт министрінің орынбасары С.М. Жарасбаев, бокстан олимпиада чемпионы С. Сәпиев және республикалық спорт басшылығының бірқатар өкілдері «Фитохимия» ғылыми-өндірістік орталығы» АҚ және «Қарағанды фармацевтикалық зауыты» ЖШС зертханалары мен өндірістік учаскелерінде сапармен болды.
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Сапар барысында республикалық спорт басшылары әзірлемелермен және бірегей адаптогенді, сергітетін, иммунтүрлендіруші фитопрепараттардың өндірісімен, сондай-ақ оларды спорттық медицинада қолдану мүмкіндіктерімен жақын танысты.
![]() |
![]() |
|
![]() |
Кездесу қорытындысы бойынша Туризм және спорт министрлігі, «Фитохимия» ҒӨО» АҚ және «Қарағанды фармацевтикалық зауыты» ЖШС арасында спорттық медицинаға арналған бірегей фитопрепараттар жасау және өндірісін ұйымдастыру жөніндегі ғылыми-техникалық бағдарламаны ресімдеп, оны ҚР Үкіметіне ұсыну бойынша меморандум дайындау және жасасу туралы шешім қабылданды.







