РЕСЕЙ ҒЫЛЫМЫМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ДАМЫП КЕЛЕДІ
Ағымдағы жылдын 29 қаңтарында «Фитохимия» ғылыми-өндірістік орталығының зертханалары мен өндірістік учаскелеріне Башқұрт мемлекеттік медицина университетінің фармацевтика факультетінің деканы, фармакогнозия кафедрасының меңгерушісі, фармацевтика ғылымдарының докторы, профессор Наталья Владимировна Кудашкина және медицина ғылымдарының докторы, РФ ДСМ М.М. Сеченов атындағы Бірінші Мәскеу мемлекеттік медицина университетінің профессоры Александр Владимирович Самородов сапармен келді.
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Қонақтар өсімдік шикізатынан жеке қосылыстарды бөліп алу, сәйкестендіру, табиғи терпеноидтар, алкалоидтар, флавоноидтар мен стероидтар негізінде жаңа қосылыстарды синтездеу, дәрілік субстанцияларды жасау жөніндегі эксперименттік жұмыстармен, бірегей фитопрепараттардың дайын дәрілік түрлерінің тәжірибелік партияларының өндірісін ұйымдастыру жұмысымен танысты.
|
|
![]() |
|
Зертханалар мен тәжірибелік фармацевтикалық өндіріспен танысу қорытындысы бойынша ресейлік профессорлардың ғылыми-өндірістік орталықтың жетекші ғалымдарымен, жас мамандарымен кездесуі өтіп, фармацевтикалық химия, фармакогнозия және дәрі-дәрмек технологиясы саласындағы ынтымақтастық, жас ғалымдардың тағылымдамаларының жоспары талқыланды.
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |











